12.02.2014, 18:50 4993

Ұлттық банк басшысы ұлттық валюта бағамына мінсіз түзету жасалды деп сендірді

Сонымен қатар, бас банктің басшысының айтуынша, Премьер-Министрдің бағаның негізсіз көтерілуін шешу тапсырмасы үшін мемлекеттің реттейтін күші жетерлік және баға көтерумен айналысып жүрген пиғылы арам сатушылар өз орнына қойылады.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ өткен брифингте ұлттық валюта бағамына мінсіз түзету жасалды деп сендірді.

"Мен ұлттық валюта бағамын түзету мінсіз өткенін растаймын. Теңгенің курсын түзету қаржы-несие саясаты комитеті мен техникалық комитеті атты коллегиялық институттардың шешімімен жүргізілді. Комитетке Ұлттық банктің 7 жетекші сарапшысы мен қаржы-несие саясатының мамандары кірді. Оның зардабын біріншіден қаржыларын теңгеде сақтап келген адамдар тартады, себебі, теңгенің сатып алу мүкіндігі өзгертілген.

Ал, ұлттық валюта бағамын өзгерту кезінде болатын мұндай жағдайлар кез-келген экономика үшін макроэкономикалық шок", - деді Қ.Келімбетов.

Сонымен қатар, бас банктің басшысының айтуынша, Премьер-Министрдің бағаның негізсіз көтерілуін шешу тапсырмасы үшін мемлекеттің реттейтін күші жетерлік және баға көтерумен айналысып жүрген пиғылы арам сатушылар өз орнына қойылады.

"Арада екі үш күн өтсе бәрі өз орнына келеді, ненің қанша және не үшін сонша тұратыны белгілі болады. Бір жыл бойы біз бағаның өсуін қадағалайтын боламыз", - деп Ұлттық банк басшысы өз ойын толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 11 ақпанында Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамын ұстап тұрудан, валюталық интеграцияның көлемін төмендетуден және теңгені айырбастау процесіне араласудан бас тартты.

Ұлттық банк АҚШ долларын теңгеге шаққанда 185 теңге құрайды деп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны