27.08.2012, 14:46 3201

Ұлттық банк "Дәуіт" естелік монеталарын айналымға шығарды

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған "Дәуіт" естелік монеталарының бет және сырт жақтарындағы бейнелер ұқсас. Күміс монетадағы бейнелер жылтыр етіп жасалған.

Алматы. 27-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 24 тамыздан бастап "Қазақстанның қызыл кітабы" монеталары сериясынан "proof" сапалы, номиналдық құны 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік "Дәуіт" естелік монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған "Дәуіт" естелік монеталарының бет және сырт жақтарындағы бейнелер ұқсас. Күміс монетадағы бейнелер жылтыр етіп жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жағында номиналын (күмістен монетада жасалған металы, оның сынамын және массасын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" және "Ag 925 31,1 g., нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "50 ТЕҢГЕ" деген жазу бар) білдіретін жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі мен соғылған жылын білдіретін "2012" деген сан бар. Монетаның жиегінде мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар, оң жағында шөптердің арасындағы дәуіт бейнеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны