21.12.2012, 12:49 3271

Ұлттық банк "Сұлтан Бейбарыс" және "Ақ дегелек" ескерткіш монеталарын айналымға шығарды

Желтоқсанның 20-да айналымға шыққан ескерткіш монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, "Польша монета сарайы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Алматы. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық Банк "Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар" және "Ұлы қолбасшылар" сериясынан "Ақ дегелек" және "Сұлтан Бейбарыс" атты 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі баспасөз қызметінен хабарлады.

Желтоқсанның 20-да айналымға шыққан ескерткіш монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, "Польша монета сарайы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Осы Келісім бойынша "Польша монета сарайы" Қазақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталар сатып алады.

Ұлттық Банк дайындалатын монеталардың әр атауының саны 5 дана болатын бір бөлігін коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сатуды көздеп отыр.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны