04.12.2013, 18:41 5132

Ұлттық Банк "Жылқы жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Жылқы жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарғаны туралы хабарлайды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Жылқы жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарғаны туралы хабарлайды.

"Жылқы жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

"Жылқы жылы" ескерткіш күміс және алтын монеталары - "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясын жалғастыратын төртінші монеталар.

2014 жылғы 31 қаңтарда шығыс күнтізбесі бойынша Жылқы жылы кіреді.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны