27.09.2016, 12:21 4007

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында биылғы тұрғын үй құрылысы туралы мәлімдеді

"2020 жылға қарай "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4,5 млн шаршы метр баспана пайданалуға беру қаралған. Осы мақсатта 145 млрд теӊге бөлінді, оныӊ ішінде жалға беру және несие салу баспанасына 2015 жылы - 122,5 млрд теӊге, ал 2016 жылы "ҚИК" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру - 22,5 млрд теӊге. Бұдан өзге, биыл Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теӊге бөлінді", - деді Қ. Бишімбаев.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында биылғы тұрғын үй құрылысы туралы мәлімдеді.

Қ. Бишімбаевтыӊ мәліметі бойынша, барлық көздерден пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 2016 жылдыӊ қаӊтар-тамыз аралығында өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 14%-ға артты. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердіӊ ауданы 26,7%-ға, жеке тұрғын үй 4%-ға өсті.

"Оӊ динамика сақталады және пайдалануға берілетін тұрғын үй үшін мемлекеттік қаражаттан 507 мыӊ шаршы метр салынды. Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 750 млрд теӊгеге шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деді Қ. Бишімбаев.

Министр бұл еӊ алдымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған шаралармен, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктіӊ дағдарысқа қабылдаған қарсы іс-шараларымен байланысты екендігін атап өтті.

"2020 жылға қарай "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4,5 млн шаршы метр баспана пайданалуға беру қаралған. Осы мақсатта 145 млрд теӊге бөлінді, оныӊ ішінде жалға беру және несие салу баспанасына 2015 жылы - 122,5 млрд теӊге, ал 2016 жылы "ҚИК" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру - 22,5 млрд теӊге. Бұдан өзге, биыл Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теӊге бөлінді", - деді Қ. Бишімбаев.

Министрдіӊ айтуынша, мемлекеттік қаражаттыӊ нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдыӊ қазіргі күніне дейін 22,6 мыӊ отбасыға баспана берілді, ал жыл соӊына дейін қосымша 6,8 мыӊ отбасыға баспана қарастырылады. 2017 жылы тағы 33 мыӊ пәтер салынады. Қ.Бишімбаев биыл Үкімет пен Ұлттық банк іс-шараларыныӊ арқасында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемін арттыруға мүмкіндік алдық деп атап ?oo?.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны