04.05.2017, 16:13 5424

Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов Қазақстан-Малазия сауда-экономикалық комитетініӊ отырысына қатысты

2017 жылғы 4 мамырда Куала Лумпур қаласында (Малайзия) Бірлескен Қазақстан-Малазия сауда-экономикалық комитетініӊ 3-отырысы өткізілді.

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 4 мамырда Куала Лумпур қаласында (Малайзия) Бірлескен Қазақстан-Малазия сауда-экономикалық комитетініӊ 3-отырысы өткізілді.

Инвестициялар және даму жөніндегі, энергетика, сыртқы істер министрліктерініӊ, "KAZAKH INVEST" ҰК, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" АҚ, "Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі" АҚ өкілдерінен тұратын Қазақстан өкілдерін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Е.Дәленов бастап барды.

Сауда, көлік, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар, инвестициялар, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы, исламдық қаржыландыру саласындағы және басқа да мәселелер талқыланды.

Р.Дәленов Комитеттіӊ 3-отырысында сөз сөйлей келіп, шағын және орта кәсіпкерліктіӊ дамуы, сауда, туризмдегі малазиялық тәжірибе Қазақстан үшін мейлінше қызығушылық тудыратынын атап айтты.

Сондай-ақ, Дәленов Қазақстанныӊ "халал-өндірушілер" жаһандық тізбегіне қосылу перспективасы туралы әӊгімелей келіп, Малайзияныӊ әлемдегі ірі халал-индустрия хабтарыныӊ бірі ретіндегі ауқымды тәжірибесін атап өтті.

Қазақстанда туристік қызметті мемлекеттік қолдаудыӊ анағұрлым тиімді шаралары енгізілген, ол Қазақстандағы басым салалардыӊ бірі ретінде белгіленіп отыр.

Сонымен бірге, бірнеше бағыттағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобы құрылып отыр:

- халал-индустрия;

- исламдық қаржыландыру;

- туризм;

- жаӊғырмалы энергия;

- мұнай және газ;

- инвестициялық ынтымақтастық.

2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 82,9 млн.АҚШ долларын құрайды.

11 жыл ішінде (2005-тен 2016 жж.) Малайзияныӊ ҚР-ға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардыӊ жалпы көлемі 28,2 млн.АҚШ долларын құрады. Малайзияға Қазақстандық инвестиция ұқсас мерзімде 3,0 млн.АҚШ долларын құрайды.

3-отырыс аясында ағымдағы жылғы 3 мамырда "New Business Opportunities in Kazakhstan" Бизнес-форумы өткізілді, сондай-ақ, Малайзияныӊ ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.

3-отырыстыӊ қорытындысында Хаттамаға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны