06.11.2017, 18:57 4662

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде көтерме-үйлестіру орталықтарын құруды ұсынып отыр

Алыпсатарлықты алшақтайтын бұл шара ел үкіметі қабылдап жатқан басқа да шаралармен бірге республика базарларындағы бағаныӊ өсуін тежеуге мүмкіндік беретін болады деп сенгіміз келеді. Сонда тұтынушы мен жеткізіп беруші тікелей байланыс орнатып, делдалдық құрылымдардыӊ саны азаяды.

Астана. 6 қараша. Kazakhstan Today - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде көтерме-үйлестіру орталықтарын құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды палатаныӊ баспасөз қызметі.

Делдалдардан қалай арылуға болады?

Елімізде құнсыздану көрсеткіштерін төмендетуге және бақылауда ұстап отыруға бағытталған шаралар тұрақты қабылданып келеді. Үкіметтіӊ іс-әрекеті экономикалық және азық-түліктік секторлардыӊ тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуда. Бірінші кезекте тауарлардыӊ құнына бақылау жасауға басты назар аударылуда. Дегенмен, бірқатар өнімдердіӊ бағасы өсіп барады. Алыпсатарлардыӊ аранын шектеп, түтынушы мен өндірушініӊ арасында тікелей байланысты жолға қою үшін қандай шаралар қабылдаған жөн?

Үлкен тәбет

Қарапайым мысал келтірейік. Наубайханаларға бұрынғыдай мемлекеттік қордан арнайы бағамен ұн бөлінбейтініне қарамастан нан бағасыныӊ жаппай өсуі орын алған жоқ. Оны айтасыз, бірқатар кәсіпкерлер халық арасында сұранысқа ие бөлке нанныӊ құнын нөмірі бірінші азық ретінде бұрынғы деӊгейінде қалдырды. Өйткені, бұл жерде алыпсатарлар саны аз - әдетте тасымалдаушылар нанды наубайханадан немесе нан зауытынан дүкендерге тікелей жеткізеді. Сөйтіп, қосылатын үстеме аз болады.

Ал, басқа тауарларға, әсіресе көкөністер мен жемістерге келсек, жағдай мүлде басқаша. Мұнда кей жағдайларда екі есе пайда көретін делдал буындардыӊ тұтас бір тізбегі бар. Соныӊ салдарынан тауар бағасы бес есеге дейін өсуі мүмкін!

- Мысалға алатын болсақ, еліміздіӊ оӊтүстік аймақтарында өндірушілер қырыққабатты алқап басынан 17 теӊгеден өткерді делік, - дейді "Атамекен" ҰКП департаментініӊ сарапшысы Дархан Қалиев. - Түптеп келгенде солтүстіктегі тұтынушы оны 71 теӊгеден сатып алады. Мұныӊ бәрі - делдалдық құрылымдар тізбегініӊ салдары.

Оныӊ айтуынша, Астанада сиыр етініӊ әр келісініӊ бағасы өндірушіде 1100 теӊгені құрайды. Бірақ, оныӊ бөлшек саудадағы бағасы 1520 теӊгеге дейін өсіп кетеді. Мұндай сызба еліміздіӊ барлық қалаларында бар.

Тұрғындарға көмекке тұрақтандыру қорлары келуде. Олардыӊ міндеті - кенеттен бағасы көтеріліп кеткен азық-түлікті саудаға арзан бағамен жаппай шығару арқылы тауарлар бағасын төмендету.Одан әрі азық-түліктер нарықтағыдан арзан бағамен арнайы дүӊгіршектер арқылы тұрғындарға сатылады.

Сонымен қатар аймақтарда бағаны бақылау жөніндегі жергілікті комиссиялар дүкендер мен супермаркеттерді аралап, бағаларын бағамдайды. Бірақ, көбінесе фактініӊ орын алғанына көз жеткізумен ғана шектелуге тура келеді: бұл бағалар орнында, ал, аналар неге екені белгісіз жоғарыға зулап барады.

Тұрғындарға ауыл шаруашылық жәрмеӊкелері де көмекке келуде. Онда көкөніс өсірушілер өз тауарларын тікелей осында алып келіп бастапқы бағасымен қоя алады. Мұндай жәрмеӊкелер қарапайым тұтынушылар арасында танымал болып та үлгерді, дегенмен, оларды жиі өткізу мүмкін болмай тұр. Мұндай жәрмеӊкелер еӊ жиі дегенде аптасына бір рет өткізілетін болса, басқа уақытта бағаныӊ бәрін нарық реттеуде.

Түбегейлі шара

Мәселені түбегейлі шешу керек екендігі түсінікті. Бұл орайда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасыныӊ елімізде Көтерме-үйлестіру орталықтарын (көтерме-үйлестіру орталықтары) құру туралы ұсынысы назар аударуға тұрарлық бастама. Олардыӊ міндеті - басы артық делдалдық құрылымдарды жойып, сол арқылы ел ішінде азық-түлік тауарларыныӊ бағасын арзандату.

-Бүгінгі таӊда заман шындығына сай болуымыз керек және ел базарларында тәртіп орнатуымыз қажет -бейберекеттікке, ластыққа, сауда жасауға лайықты жағдайдыӊ болмауына, еӊ бастысы делдалдардыӊ тұтас бір тізбегіне жол бермеу үшін жаӊғырту шараларын жүргізуіміз қажет, -дейді"Атамекен" ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі департаментініӊ директоры-басқарушы директор Дінмұхамед Абсаттаров.-Қыруар қаржы жұмсап, маӊдай терін төгіп өнім өсірген шаруалардыӊ түпкі есепте тиын-тебен табатыны, ал, алыпсатарлардыӊ жан қинамай екі-үш есе пайда көретіні дұрыс па? Жағдайды күрт өзгертуіміз, бұл мәселеде тәртіп орнатуымыз керек. Сол үшін де біз бағаны айқындауда тежеуші тетікке айналатын көтерме-тарату орталықтарын құруды ұсынып отырмыз.

Дінмұхамед Абасаттаровтыӊ түсіндіруінше, жұмысына жобаға қызығушылық танытқан бизнесмендер тартылмақ. Бірақ, мемлекет тарапынан да қаржылық қолдау болуы мүмкін.

-Шаруалар өз тауарларын кепілді түрде өткеру, ал, супермаркеттер мен сауда желілері тауарды тиімді баға бойынша алу мүмкіндігіне ие болады, -дейді ол. -Нәтижесінде тұтынушы да, өндіруші де ұтады.

Еліміздіӊ бірқатар құрылымдарыныӊ басшылары аталмыш жобаға қолдау білдірсе, көптеген кәсіпкер қазірдіӊ өзінде жобаға қатысуға, тіпті инвестиция салуға ықылас танытып отыр. Мәселен, Тараздағы екі базардыӊ басшылары өз базарларыныӊ аумағында Көтерме-үйлестіру орталықтарын құру жұмыстарын бастауға дайын. Оларда Көтерме-үйлестіру орталықтарын орналастыруға болатын өндірістік алаӊдар, сонымен қатар болашақ көтерме-тарату орталықтары үшін пайдалануға болатын бос қоймалар, контейнерлер мен салқын бөлмелер бар.

Бұл орайда ҰКП қызметкерлерініӊ Жамбыл базарларындағы баға қалыптастыру мәселесін де зерделегенін айта кеткен жөн. Мұнда тауарлардыӊ құнындағы алшақтықтыӊ үлкен екендігі анықталды - тауарларды жеткізу ауқымыныӊ ала-құлалығына қарай ол алшақтық кей жағдайда 100 пайызға дейін жетеді екен. Делдалдық құрылымдарды жою бағадағы осындай секірістерді болдырмауға көмектеседі.

Қазіргі кезде Палата еліміздіӊ барлық аймақтарынан ұсыныстар жинап жатыр. Ол ұсыныстар Көтерме-үйлестіру орталықтарын ұйымдастыру ережесін қалыптастыру барысында ескерілетін болады.

Алыпсатарлықты алшақтайтын бұл шара ел үкіметі қабылдап жатқан басқа да шаралармен бірге республика базарларындағы бағаныӊ өсуін тежеуге мүмкіндік беретін болады деп сенгіміз келеді. Сонда тұтынушы мен жеткізіп беруші тікелей байланыс орнатып, делдалдық құрылымдардыӊ саны азаяды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны