30.01.2014, 19:30 3035

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ әкімшілік проблемаларының электрондық картасын дайындайды

"Қазір проблемалар картасын құрып жатырмыз. Бүгінгі таңда барлық облыстардан 200 проблема жиналып сараптамадан өткізілді, бұл карта толығатын болады. Ақпан айында біз оны электронды түрге көшіретін боламыз. Сол кезде ғаламторға қол жеткізе алатын әрбір кәсіпкер кіріп, өз проблемаларын көрсете алады", - деді А. Мырзахметов.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы шағын және орта бизнестің әкімшілік проблемаларының реестрін дайындаумен айналысуда, ол ақпан айында электрондық картаға айналатын болады, деп Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

"Қазір проблемалар картасын құрып жатырмыз. Бүгінгі таңда барлық облыстардан 200 проблема жиналып сараптамадан өткізілді, бұл карта толығатын болады. Ақпан айында біз оны электронды түрге көшіретін боламыз. Сол кезде ғаламторға қол жеткізе алатын әрбір кәсіпкер кіріп, өз проблемаларын көрсете алады", - деді А. Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда реестрде 200-ге жуық проблема саналғанын айтты.

ҰКП басшысы аталмыш жоба ШОБ проблемасын жүйелі түрде шешетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда проблемалардың сараптамасы жүріп оларды құрылымдық жағынан шешу жағдайы қарастырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны