30.11.2015, 13:02 7148

Ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық қордыӊ есебінен жүзеге асырылмайды - Елбасы

Ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық қордыӊ есебінен жүзеге асырылмайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму" Қазақстан халқына Жолдауында

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық қордыӊ есебінен жүзеге асырылмайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму" Қазақстан халқына Жолдауында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ маӊызды міндетіміз қаржы жүйесін тез арада тұрақтандырып, оны жаӊа жаһандық шынайылыққа сәйкестендіру қажет. Біріншіден, теӊгеніӊ еркін бағамы жағдайында қаржы секторыныӊ тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Түбегейлі сәт ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесіне қайта оралмау болмақ", - деді Елбасы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Елбасы Ұлттық банкке банк секторыныӊ барлық субъектілерінде жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

"Оныӊ нәтижесінде оларды тану және сызып тастау бойынша шешім қабылдау қажет. Капиталдандыру проблемасын шеше алмайтын банктер қаржы жүйесінен кетуі тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық, оныӊ ішінде Халықаралық валюталық қордыӊ базалық комитетініӊ стандарттарына сай болуы керек", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны