06.01.2016, 16:49 4239

Ұлттық валюта банкноттарын қабылдаудан бас тартқан ұйымдар жауапкершілікке тартылады

Кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар ҚР ұлттық валютасыныӊ банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда ҚР Ұлттық Банкініӊ жақын жердегі филиалына арыздануға болады

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқан ұйымдар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар ҚР ұлттық валютасыныӊ банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда ҚР Ұлттық Банкініӊ жақын жердегі филиалына арыздануға болады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұлттық Банк өз кезегінде жағдайдыӊ мән-жайын анықтап, шара қолданады.

ҚР Икімшілік құқық бұзушылық кодексініӊ 206-шы бабына сәйкес, 2016 жылғы белгіленген Айлық Есептік Көрсеткіш бойынша ұлттық валютаныӊ банкноттары мен монеталарын қабылдамаған кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 10 605 теӊге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 21 210 теӊге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 53 025 теӊге көлемінде айыппұл салынады.

Еске сала кетелік, 2015 жылдыӊ 28-ші қарашасында ҚР Ұлттық банкініӊ басқармасы 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теӊге банкноттардыӊ біртіндеп айналыстан шығару мерзімдерін 2016 жылдыӊ 3-ші қазанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заӊды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасыныӊ барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз қолданылады.

Содан соӊ 12 ай ішінде - 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін - көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деӊгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.

Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теӊге банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға шейін барлық ҚР Ұлттық Банк филиалдарында айырбасталуға қабылданатын болады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап, банкноттар заӊды емес болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген банкноттардыӊ айырбасталуы тегін, комиссия алусыз не айырбастау үшін ақысыз жүзеге асырылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны