15.07.2015, 13:28 3855

Ұлттық валютаны айырбастау бағамыныӊ ауытқу дәлізі кеӊейтіледі - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда теӊгені айырбастау бағамыныӊ ауытқу дәлізі кеӊейтіледі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда теӊгені айырбастау бағамыныӊ ауытқу дәлізі кеӊейтіледі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы дәліз АҚШ долларына 170-198 теӊге болмақ. Бұл дәліз Қазақстанныӊ айналасындағы сыртқы сценарийлерге қарамастан ауытқитын болады", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтунша, аталған шаралар икемді бірқалыпты бағам қалыптастыруды одан әрі жүзеге асыру мақсатында қабылданды.

Қазіргі сәтте теӊгені долларға айырбастау бағамы 186,8 теӊгені құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны