05.09.2007, 17:53 3142

Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті

Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Өткен маркетингтік жылғы өнімнің экспорттық түсім 1,2 млрд АҚШ долларын құраған. "2007/2008 маркетингтік жалдардағы нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық сатудан түсетін пайданы екі есеге өсіруге болады",- деп мәлім етті бүгін баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ президенті Руслан Азимов.

Ауылшаруашылық министрлігіндегілер, "үстіміздегі жылғы өнім өткен жылғыдан жоғары болады" деген сенімде. "Бүгінгі күнге дейін 6,7 млн тонна жиналған, астықтың 33 пайызы бастырылды",- деп хабарлады Руслан Азимов.

Үстіміздегі жылы республикадағы егін егілген алаң 18 915,5 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,9 пайызға артық. 2006 жылы Қазақстанда астық өнімі бункерлік салмақпен 18,5 млн тоннаны, ал өңдеуден кейін 16,2 млн тоннаны құраған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны