05.09.2007, 18:59 3218

Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті (толықтырылған нұсқа )

Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Үстіміздегі маркетингтік жылы Қазақстан астық сатудан түскен түсімді екі есеге арттырудан үмітті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Өткен маркетингтік жылғы өнімнің экспорттық түсім 1,2 млрд АҚШ долларын құраған. "2007/2008 маркетингтік жалдардағы нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық сатудан түсетін пайданы екі есеге өсіруге болады",- деп мәлім етті бүгін баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ президенті Руслан Азимов.

Ауылшаруашылық министрлігіндегілер, "үстіміздегі жылғы өнім өткен жылғыдан жоғары болады" деген сенімде. "Бүгінгі күнге дейін 6,7 млн тонна жиналған, астықтың 33 пайызы бастырылды",- деп хабарлады Руслан Азимов.

Үстіміздегі жылы Қазақстан астық экспортының көлемін көтереді деп күтілуде. "Егер өткен жылы Қазақстан 9 млн тонна астық экспорттаған, ал бұл бұрынғы көрсеткіштерден екі есеге көп, биыл да экспорт көп болатындығы сөзсіз",- деді Руслан Азимов. "Егер синоптиктердің болжамы бойынша, ауа-райы осындай болса, онда экспорт жоғары болады",- деп қосты ол. Ол сондай-ақ, қазақстандық астықтың нарықтағы бағасы фрахт келісімін есептегенде бүгінгі күнде 200 АҚШ долларын құрайды.

Астықтың әлемдік нарықта қымбаттауы, Руслан Азимовтың пайымдауынша, ЕО елдеріндегі, Канадада, Украинада астық өндірудің қысқарғанымен ғана емес, астықтан биоэтанол өндіру көлемінің өсуіне де байланысты. "Мысалы, АҚШ әр апта сайын жаңа зауыт салынады",- деді ол.

Сонымен қатар, бағаның өсуіне дүниежүзіндегіастықтың өтпелі қорының төмендеуі де әсер етіп отыр. "Астық жөніндегі халықаралық кеңестің балжамы бойынша, астық қоры үстіміздегі жылдың аяғында 111 млн тоннаны құрайды. Бұл 1980 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Астықтың жетіспеушілігі, әрине бағаның өсуіне әкеп соқтырады",- деп түсіндірді ол.

Үстіміздегі жылы республикадағы егін егілген алаң 18 915,5 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,9 пайызға артық. 2006 жылы Қазақстанда астық өнімі бункерлік салмақпен 18,5 млн тоннаны, ал өңдеуден кейін 16,2 млн тоннаны құраған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны