23.09.2010, 14:07 2991

Үстіміздегі жылғы игерілмей қалған бюджеттік қаржы көлемі республика тарихында ең қомақты қаржы болып отыр - мәжіліс

Үстіміздегі жылғы игерілмей қалған 130,1 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік қаржы республика тарихында ең қомақты қаржы болып отыр. ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары жалпы отырыс барысында кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылғы игерілмей қалған 130,1 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік қаржы республика тарихында ең қомақты қаржы болып отыр. ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары жалпы отырыс барысында кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мамандар осындай көлемде жаңылысуы мүмкін бе? 130 млрд теңге игерілмей қалған",- деп мәлім етті . Ол "бұған ешкім толыққанды жауап бермейтіндігін" атап өтіп, ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевтен жауапқа тартылғандардың аты-жөнін атауды сұрады.

Өз кезегінде депутат Мұхтар Тынықев, "көптеген аймақтар суға зәру болып отырғанда 130 млрд теңге көлеміндегі игерілмей қалған бюджеттік қаржы республика тарихындағы рекордтық көрсеткіш екендігін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны