23.02.2012, 15:19 3472

Үстіміздегі жылы мұнай өндіру көлемі 1,3 пайызға төмендеуі мүмкін

Министрдің айтуынша, 2012 жылы мұнай өнімінің төмендеуі 83 млн. тоннадан 81 млн. тоннаға дейін қысқартылуы күтіледі.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы мұнай өндіру көлемі 1,3 пайызға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2012 жылы мұнай өнімінің төмендеуі 83 млн. тоннадан 81 млн. тоннаға дейін қысқартылуы күтіледі.

"Өнеркәсіп құрылымындағы мұнай өндірудің үлесі 50 пайыз екенін ескерсек, бұл өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне барынша әсер етеді. Яғни мұнай өндірудің нақты көлемінің индексі алдын ала болжанған 2,5 пайыздан 1,3 пайызға дейін төмендеуі болжанады", - дейді министр.

Б. Сағынтаев аталмыш мәселеге орай Үкімет басшысы бірқатар ұлттық және жүйе құрушы компанияларымен, оның ішінде мұнай компанияларының басшыларымен кеңес өткізген, ол кеңес барысында мұнай компаниялары басшыларына жеке-жеке тапсырмалар берілгенін атап өтті. "Мұнайды өндірудің алдын ала белгіленген көлемін кемінде бұған дейінгі бекітілген қалпында ұстап тұру туралы тапсырмалар да жүктелген болатын. Кеше ғана "ҚазМұнайГаз" басшылары есеп берді. Сол есептерді саралай келе, компания басшылары алдындағы болжамда бекітілген көлем бойынша мұнай өндіру туралы өздеріне кепілдеме алды", - дейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны