13.12.2006, 15:38 2520

Изербайжан 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастан Ресейден газ алуды тоқтатуы мүмкін

БАКУ. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Изербайжан 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден газ алуды тоқтатуы мүмкін деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжанның энергетика және өнеркәсіп министрі Натик Алиев.

Оның сөзіне сүйенсек, мұндай қадамға баруға "Газпром" ААҚ тасымалдап отырған газға қойған жоғары бағасы (1000 текше метр үшін 230$) мен тасымалдау көлемінің төмендеуі (жылына 4,5 млрд. текше метрден 1,5 текше метрге дейін) итермелеуі мүмкін.

"Біз Ресей газын Шах-Дениз кенішінің газымен ауыстыруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта Грузия да қиын жағдайда отыр. Осыған байланысты Изербейжан, Түркия және Грузия президенттері үш елдің энергетика министрлерінің кездесуі туралы бастама көтерген. Негізгі міндет - Шах-Дениз кенішінде өндірілген газдың пайдасын Изербейжан, Түркия, Грузия, сонымен қатар Еуропаның көруі",- деді Н.Алиев.

Үш елдің энергетика министрлерінің 8-желтоқсандағы Тбилисиде өткен кездесулерінің қорытындысында 2007 жылы Шах-Дениз кен көзінде алынатын газ көлемін бөлу туралы келісім жасады деп атап көрсетілген.

"Сондықтан да, Шах-Дениз кенішінен Түркия еншісіндегі 3 млрд. текше метр көлеміндегі газ Изербайжан, Түркия және Грузияға бөлінетін болады. Алдын ала көлем жобасы белгілі, бірақ бұл мәселе туралы толық келісім жасалған жоқ, себебі нақты келісім-шартқа қол қойылған жоқ", - деді Н.Алиев.

Изербайжан табиғи газ алу операциясын 2000 жылдың қарашасында бастаған және де 2006 жылдың 1 қарашасына дейін 24 млрд. 910,8 млн. табиғи газ сатып алынған. Изербайжанға алғашқыда газды Ресейдің "Трансфорта" компаниясы тасымалдаған болатын, кейіннен "Itera" компаниясы тартылып, ал 2004 жылы республикаға табиғи газды "Газпром" ААҚ ғана тасымалдаған.

2005 жылы елге "Газэкспорт" мың текше метрін 52 АҚШ долларынан 4,86 млрд. текше метр газ кіргізген. Ағымдағы жылда тасымалдау көлемі мың текше метрі 110 АҚШ долларынан 4,5 млрд. текше метр деңгейінде жобаланған болатын.

Елде 5 млрд. текше метрге дейін газ өндірудің арқасында сырттан алатын газдың үлкен бөлігі электр энергиясын шығару үшін жылу электр станциясына жөнелтіледі.

Кешікпей Шах-Дениз кен көзінен газ өндіруді бастау жоспарланып отыр.

Шах-Дениз кен көзіндегі өңдеу жұмыстарының шартына Баку қаласында 1996 жылдың 4 маусымында қол қойылған және де осы жылдың 17 қазанында милли меджлис бекіткен. Жоба мүшелері: ВР (оператор - 25,5%), "Statoil" (25,5%), Изербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы (10%), "LUKoil" (10%), NICO (10%), "TotalFinaElf" (10%) и TPAO (9%).

Шах-Дениз кенішінің қоры 625 млрд. текше метр газ және 101 млн. тонна газ конденсатына бағаланып отыр. Кен көзін өңдеудің "1-кезеңінде" 178 млрд. текше метр газ бен 34 млн. тонна конденсат өндіру көзделіп отыр. "1-кезең" бойынша кен көзінен ең жоғарғы өндіру кезеңінде жылына 8,4 млрд. кубметр газ бен 2 млн. тонна конденсат өндірілетін болады. Жалпы өңдеудің келесі сатыларында жылына 16 млрд. кубметр шамасынада газ өндіру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны