06.07.2007, 16:10 2455

Изербайжан 2007 жылдың І жартысында мұнай өнімдерінің экспортын 20%-ке азайтты

БАКУ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы 2007 -жылдың қаңтар-маусым айларында әлемдік нарыққа 1 млн 687,865 мың тонна мұнай өнімдерін экспорттады, бұл 2006-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 20,5%-ке аз, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі компанияға сілтеме жасап.

Экспорт құрылымында дизельдік отын үлесі 710 591 тоннаны, автокөлік жанармайы 197 854 тоннаны, авиациялық отын - 209 886 тонна, мазут - 192 514 тонна, битум - 17 871 тонна, майлар - 14 578 тонна болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны