11.07.2007, 15:16 2639

Изербайжанда 2007 жылдың І жартысында газ өндіру мөлшері 39,1%-ке өсті

БАКУ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Изербайжанда 2007 жылдың І жартысында газ өндіру мөлшері өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 39,1%-ке өсіп, 4,7 млрд текше метрді құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Мемлекеттік мұнай компаниясынан хабарлады.

Азери - Чыраг - Гюнешли (оператор - BP-Azerbaijan) кенішін игеру аясында Мемлекеттік мұнай компаниясы 1,4 млрд текше метр газ өндірді, бұл 2006 жылдың І жартысындағыдан 1,6%-ке артық.

Ал Шах-Дениз (оператор - BP-Azerbaijan) кенішінен Мемлекеттік мұнай компаниясы 538,75 млн текше метр газ алды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны