25.05.2012, 02:39 3369

V АЭФ қатысушылары агроөнеркәсіптік экспозициямен танысты

V Астана экономикалық форумының аясындағы "ҚР-дың индустриялық-инновациялық әлеуеті" көрмесіне "ҚазАгро: идеялар, инвестициялар, инновациялар" тақырыбындағы агроөнеркәсіптік экспозиция қойылды.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - V АЭФ қатысушылары агроөнеркәсіптік экспозициямен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

V Астана экономикалық форумының аясындағы "ҚР-дың индустриялық-инновациялық әлеуеті" көрмесіне "ҚазАгро: идеялар, инвестициялар, инновациялар" тақырыбындағы агроөнеркәсіптік экспозиция қойылды.

Көрме павильонында "ҚазАгро" холдингінің қызметі туралы ақпарат беретін электронды гид орналастырылған, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан инвестициялық бағыттар мен қаржыландыру шарттары туралы мәліметтер жазылған стендтер, макеттер, ақпараттық парақшалар орнатылған.

Айта кетерлігі, негізгі инвестициялық жобалар құс етінің өндірісін арттыруға, отандық машина құрастыру саласын дамыту, астық импорты мен ірі қара мал еті экспортының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Жобалар арасында Қарағанды облысында ауыл шаруашылық саласындағы ұшақтар шығаруға маманданған "КазАвиаСПЕКТР" ЖШС зауыты, Шығыс Қазақстан облысындағы "Беларусь" маркалы тракторларын шығаратын "СемАЗ" ЖШС, сондай-ақ "IRONMAN 702" стансасының үлгісі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны