15.04.2016, 17:07 5426

Вloomberg ЭКСПО-2017 көрмесі аясында "Тhe Future of Energy" жаһандық саммитін өткізуді жоспарлап отыр

"Bloomberg" халықаралық компаниясыныӊ энергетика, қаржы, саясат мәселелері бойынша ақпараттық-кеӊестік қызметтер көрсететін Bloomberg New Energy Finances (BNEF) бөлімшесі Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында "Тhe Future of Energy" (Энергетика болашағы) жаһандық саммитін өткізуді жоспарлап отыр

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - "Bloomberg" халықаралық компаниясыныӊ энергетика, қаржы, саясат мәселелері бойынша ақпараттық-кеӊестік қызметтер көрсететін Bloomberg New Energy Finances (BNEF) бөлімшесі Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында "Тhe Future of Energy" (Энергетика болашағы) жаһандық саммитін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл мәселе "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ-ныӊ Контент және көрмеден кейінгі пайдалану департаментініӊ директоры Қайрат Күлбаев пен BNEF атқарушы директоры Джон Мурмен кездесу барысында белгілі болды.

"Тhe Future of Energy" саммиті - энергетика саласындағы жыл сайынғы ауқымды іс-шара. Онда осы энергетика, саясат пен экономика салаларындағы мықты мамандардыӊ бас қосып, сала трендтерін анықтап, қорытынды жасалады. Идетте іс-шара Нью-Йоркте және екі өӊірлік аймақта: Лондонда (Еуропа, Таяу Шығыс, Африканы қамтиды) және Шанхайда (Азия-тынықмұхиттық өӊір, Қытай, Аустралияны қамтиды) өткізіледі. Сонымен қатар, орталығы Астана болатындай, тағы бір үшінші, яғни Еуразиялық өӊірлік аймақты ашу мәселесі бүгінде талқыланып жатыр.

Қосымша ақпарат үшін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыӊыз

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны