21.09.2011, 14:45 4454

ВТБ банкі Талдықорғанда өз филиалын ашты

ВТБ банкі Қазақстанда өз қызметін бастаған 2 жыл 3 айдың ішінде 11 филиал ашып, Алматы қаласындағы 4 сауда нүктесін халыққа ұсынды. Талдықорған филиалының ашылуы - бұл филиал желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын іске асырудың кезекті белес.

Алматы. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - ВТБ банкі Талдықорғанда өзінің жаңа 12-ші филиалын ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ВТБ банкі Қазақстанда өз қызметін бастаған 2 жыл 3 айдың ішінде 11 филиал ашып, Алматы қаласындағы 4 сауда нүктесін халыққа ұсынды. Талдықорған филиалының ашылуы - бұл филиал желісін белсенді дамытуға бағытталған стратегиясын іске асырудың кезекті белес.

Талдықорған қаласында жұмыс жасайтын ірі және ұсақ кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері банк ұсынатын есептік-кассалық қызмет көрсету, несие беру, саудалық қаржыландыру, "Банк-Клиент" қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі сынды барлық қызметтер кешенін алады.

Сонымен қатар жеке клиенттер де банктің қызмет көрсету артықшылықтарын бағалай алады және барлық өнім тізбесін: жедел салым ашу, кепілсіз несие немесе жылжымайтын мүлікті не болмаса автомобильді кепілге қойып заем алу, автомобильді сатып алуға, шағын бизнесті дамытуға несие алу, ақшалай аударымдарды жүзеге асыру, айырбастау және конверсиялық операцияларды қолдануға мүмкіндіктері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны