16.10.2025, 17:17 169161

Қыркүйек айында жылдық инфляция 12,9%-ға дейін өсті

Қыркүйек айында жылдық инфляция 12,9%-ға дейін өсті
Сурет: Depositphotos
Қыркүйекте елде жылдық инфляция 12,9% болды (тамызда - 12,2%). Жылдық инфляция 18 өңірде жеделдеді, біреуінде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде қалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 12,7%-ды құрады (тамызда - 11,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (15,8%) жоғары өсім көрсетсе, Алматы қаласында (9,2%) ең төмен өсім тіркелді.

Қыркүйектің қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 10,8%-ға өсті (тамызда - 9,7%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (13,2%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,6%) тіркелді.

Қыркүйекте ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде өзгеріссіз қалды - 15,3% (тамызда - 15,3%). Ал, Қызылорда облысында (9,6%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама төмен өсті.

Қыркүйекте ел көлемінде айлық инфляция 1,1%-ға өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны