02.10.2019, 18:39 17656

Қызылорда облысының әкімі күріш ақтау зауытының ашылу салтанатына қатысты

Аймақ басшысы облыстың күріш шаруашылығы саласы тағы бір заманауи өндіріс ошағымен толығып отырғандығын, бұл өз кезегінде, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындары мен салық базасының нығайюына өз септігін тигізетіндігін атап өтті.

Қызылорда. 2 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысының әкімі "Абай Дәулет" серіктестігінің күріш ақтау зауытының ашылу салтанатына қатысты.Сағатына 7 тоннадан аса өнім өндіретін зауыт 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

"Абай Дәулет" серіктестігінің негізгі қызметі - күріш жармасын өңдеу мен оны сатуды ұйымдастыру. Одан әрі зауыттың жұмысын кеңейту бағытында бүгінде өз инвестициясына жаңа технологиямен жабдықталған құрал- жабдықтар орнатқан.

Жаңа зауыттың ерекшелігі - күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген.

Мемлекеттік қолдаулардың арқасында соңғы жылдары аймақ дихандары күріштен тұрақты жоғары өнім алып, еліміздің астық қорының ұлғаюына өз үлестерін қосып келеді. Биылғы жылы облыс бойынша 88 мың гектар күріш егіліп, күтімге алынған болатын. Қазіргі таңда барлық аудандарда Сыр маржанын жинау науқаны қызу жүруде,- деді Қуанышбек Досмайылұлы.

"Абай Дәулет" серіктестігі күрішті сапалы өндеп, өнімін ішкі нарыққа да, алыс-жақын шетелге өткізуде де тәжірибесі ірі компания. Олардың өнімдері сапа менеджменті талаптарына толық сәйкес келеді. Оған дәлел бүгінде сыр салысын Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Украина және Тәжікстан елдеріне экспорттап отыр.

Аймақ басшысы облыстың күріш шаруашылығы саласы тағы бір заманауи өндіріс ошағымен толығып отырғандығын, бұл өз кезегінде, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындары мен салық базасының нығайюына өз септігін тигізетіндігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны