Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қазірдің өзінде 113 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қазірдің өзінде 113 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында (бұдан әрі - ЖҚЖК) 5 898 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 113,9 мың жұмыс орны құрылды.
ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы орындар 6 506 жобаны іске асыруға іріктеді.
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:
- әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 703 жоба);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 039 жоба);
- инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 799 жоба);
- елді мекендерді абаттандыру (965 жоба).
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.
10 маусымдағы жағдай бойынша өңірлерде 5 898 жоба тұрғысында жұмыс басталып, 113,9 мың жұмыс орны құрылды. Мұнда 59,1 мыңы жұмыспен қамту орталықтары ортақ іске тартылған.
ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, ЖҚЖК жүзеге асырудың айтарлықтай оң әсері сезілмек.
Мысалы, 80 жаңа білім беру нысанының құрылысы апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелерін шешуге, ауылдық жерлерде білім беру орындарына қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық мұғалімді тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ шамамен 1 мың медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 36 мәдениет және спорт нысанының құрылысы бұқаралық спортты дамытуға оң әсер етіп, жастар үшін бос уақыт мәселесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, су шаруашылығының 12 жаңа нысанын салу және қолданыстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қолжетімділігін арттырады, суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге, пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тартуға, аралас салаларда 77 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 247 жаңа нысанын салу және қолданыстағыларын жаңғырту тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, коммуналдық желінің тозуын төмендетеді. Елдімекендерді абаттандыру олардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіз және жайлы демалысы үшін жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 179081Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 178831Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 174066Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 143201Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183811Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 179381Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 179081Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 178831Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 174066Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

