01.09.2016, 14:57 3624

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласыныӊ ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында Министрліктіӊ облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд. теӊге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным әзірлегенін атап өтті.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтыӊ төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласыныӊ ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді.

Жиынға Ауыл шаруашылығыныӊ вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ қызметкерлері және де "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымдарыныӊ өкілдері қатысты.

"Еліміздіӊ барлық өӊірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тіӊ проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардыӊ негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтыӊ түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қарауды бастаймыз. Бұл шаралардыӊ басты мақсаты - мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады", - деп атап өтті А.Мырзахметов. Жаӊа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысыныӊ мәселелерін талқылаудан басталды.

Бейнебайланыс барысында жамбылдықтар тарапынан біріншікезекті мәселе ретінде мал шаруашылығы саласына субсидияныӊ жетіспеушілігі, тиімділігі айтылды. Олардыӊ хабарлауынша, ағымдағы жылы Жамбыл облысыныӊ мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасына қосымша 2,1 млрд. теӊге, ал АӨК субъектілеріне инсвестициялық субсидиялау үшін 2,8 млрд. теӊге қажет.

Бұған жауап ретінде, Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында Министрліктіӊ облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд. теӊге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным әзірлегенін атап өтті. Оныӊ ішінде, Жамбыл өӊіріне 5,7 млрд. теӊге бөлу қарастырылғаны және де сұранымныӊ Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері тарапынан қолдау тауып отырғандығы айтылды.

Екінші сұрақ ретінде малға арналған нөмірленген құлақ сырғаларыныӊ жеткізілуі мәселесі талқыға түсті. 2015-2016 жылдардыӊ өтінімі бойынша сұралған сырғалар діттеген жеріне уақытылы жеткізілмеген.

Бұл орайда А.Мырзахметов жауапты құрылымдарға аталған олқылықтыӊ алдағы уақытта қайталанбауын қатаӊ ескертіп, сырғалардыӊ арнайы қоры жасалуын және де әр жылдыӊ 1 наурызына дейін сырғалардыӊ тиісті орындарға жеткізу міндетін қолданыстағы ережеге енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы аграриилерін мазалап отырған тағы бір түйткіл - лизингке техника беру ережесін елеп-екшеу мәселесі қызу талқыланды. Өӊір өкілдерініӊ пікіріне сүйенсек, әр өӊірдіӊ өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес лизингтік талаптарды Қазақстан бойынша бірыӊғай қолдануға келмейді. Мәселен, бір техникаға байланысты жердіӊ көлемі оӊтүстікте солтүстікке қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан да, осыны ескеру керек. Географиялық спецификаға қарай мұнда көлем мен көрсеткіштерге байланысты бірқатар қиындықтар бар.

Өз кезегінде, сындарлы ұсыныстарды қабылдауға әзір екендігін атап өткен Ауыл шаруашылығы министрі өз қызметкерлеріне лизингтік талаптарды әр өӊірдіӊ ерекшелігіне қарай қайта қарастыруға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны