06.09.2016, 08:39 2348

Жамбыл облысында 2012 жылдан бері 20 мыӊ басқа арналған 24 мал бордақылау алаӊы жұмыс істеуде

"Сыбаға", "Алтын Асық" және "Құлан" бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.

Тараз. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 2012 жылдан бері 20 мыӊ басқа арналған 24 мал бордақылау алаӊы құрылып, жұмыс істеуде. Оныӊ ішінде 4 мал бордақылау алаӊы 3 мыӊ басқа арналған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Өӊірде ірі қара малды асылдандырумен 622 шаруашылық айналысады. Мұнда мал тұқымын түрлендіруге 49 602 аналық бас түседі.

"Сыбаға", "Алтын Асық" және "Құлан" бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, 2011 жылдан бері 23 400 бас ірі қара малдыӊ аналығы әкелінсе, 2014 жылдан бері іске асырыла бастаған "Алтын Асық" бағдарламасы арқылы 64 300 бас қой және "Құлан" бағдарламасы аясында 4 500 бас жылқы сатып алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны