06.09.2016, 10:22 2386

Жамбыл облысында 2016 жылдыӊ 7 айында ірі қара малдыӊ саны өткен жылдыӊ осы мезгілімен салыстырғанда 3,4% артып, 358,4 мыӊ басты құрады

2016 жылдыӊ 7 айында облыстағы ірі қара малдыӊ саны өткен жылдыӊ осы мезгілімен салыстырғанда 3,4% артып, 358,4 мыӊ басты құрады.Сол сияқты қой мен ешкі саны 3,9% артып, 3,0 млн. басқа жетсе, жылқы - 4,7% (117 633 бас), түйе - 3,1% (6282 бас) артты.

Тараз. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында мемлекеттік қолдаудыӊ нәтижесінде мал басы артуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыста 2012 жылдан бері 20 мыӊ басқа арналған 24 мал бордақылау алаӊы құрылып, жұмыс істеуде. Оныӊ ішінде 4 мал бордақылау алаӊы 3 мыӊ басқа арналған.Үстіміздегі жылы аталған бордақылау алаӊдарынан жоғары сапалы 369,0 мыӊ тонна сиыр еті экспортталды. Ет және ет өнімдерініӊ толық өндірістік циклі бар ет кластерін қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданында "Оӊтүстік халал тағамдары" ЖШС ет өӊдеу кәсіпорыныныӊ жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2012-20105 жылдары асыл тұқымды ірі қара малдыӊ сапасын арттыру мақсатында облыстыӊ шаруалары шет елден 4100 бас асыл тұқымды мал әкелді және 7 асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор құрылды. Соӊғы жылдары бұл шаруашылықтарда тұрғындар мен тауарлы шаруашылықтарға 1 мыӊ бас асыл тұқымды бұзау өткерілді.

Өӊірде ірі қара малды асылдандырумен 622 шаруашылық айналысады. Мұнда мал тұқымын түрлендіруге 49 602 аналық бас түседі.

Сонымен қатар, жыл сайын асыл тұқымды малдыӊ үлесі артуда. Мысалы, облыста асыл тұқымды ірі қара малдыӊ жалпы пайдадағы үлес салмағы - 21,8% (республикалық көрсеткіш - 9,7%), қой - 28,4% (республикалық көрсеткіш - 17,0%), жылқы - 24,2% (республикалық көрсеткіш - 7,1%), құрайды.

"Сыбаға", "Алтын Асық" және "Құлан" бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, 2011 жылдан бері 23 400 бас ірі қара малдыӊ аналық басы әкелінсе, 2014 жылдан іске асырыла бастаған "Алтын Асық" бағдарламасы арқылы 64 300 бас қой және "Құлан" бағдарламасы аясында 4 500 бас жылқы сатып алынды -деп мәлімдеді спикер.

Бұдан бөлек жайылымдарды суландыру бағдарламасы қарқынды жүргізіліп, соӊғы екі жылда 60 құдық және ұӊғыма пайдалануға берілді.

2016 жылдыӊ 7 айында облыстағы ірі қара малдыӊ саны өткен жылдыӊ осы мезгілімен салыстырғанда 3,4% артып, 358,4 мыӊ басты құрады.Сол сияқты қой мен ешкі саны 3,9% артып, 3,0 млн. басқа жетсе, жылқы - 4,7% (117 633 бас), түйе - 3,1% (6282 бас) артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны