12.01.2012, 12:09 3529

Жамбыл облысында Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында 30 инвестициялық жоба мақұлданды

"Аймақтық үйлестіру кеңесінде біздің облысымыздың 30 жобасы мақұлданды, пайыздық мөлшерлеменің бөлігін өтеу үшін қаржы беру бойынша қарыз алушы, қор және банк арасында 20 келісім-шартқа қол қойылды. Бұдан басқа, үш кепілдеме келісім-шартына қол қойылды", - деп баяндады ""Даму" КДҚ" АҚ аймақтық бөлімшесінің бас менеджері Екатерина Хван.

Тараз. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы - 2020" Мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл облысында 30 инвестициялық жоба мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық бөлімшесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Аймақтық үйлестіру кеңесінде біздің облысымыздың 30 жобасы мақұлданды, пайыздық мөлшерлеменің бөлігін өтеу үшін қаржы беру бойынша қарыз алушы, қор және банк арасында 20 келісім-шартқа қол қойылды. Бұдан басқа, үш кепілдеме келісім-шартына қол қойылды", - деп баяндады ""Даму" КДҚ" АҚ аймақтық бөлімшесінің бас менеджері Екатерина Хван.

Осылайша, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының бірінші бағытының аясында пайыздық мөлшерлемені қаржыландырудың 4 келісім-шартына қол қойылды. "Жеке кәсіпкер И.Лесняктың жобасы бойынша 16, 3 млн. теңгеге өндірістік ғимарат жөндеуі аяқталып, сүт өңдеу жабдықтары сатылып алынды", - деп түсіндірді Е.Хван. Аталған жоба бойынша серіктес банк ретінде "БанкЦентрКредит" АҚ шықты, бизнесмен пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру бойынша банкпен белгіленген 14 пайыздық мөлшерлемеден мемлекеттің көмегі ретінде жеті пайызын алады.

"Карат V" ЖШС-нің жобасы бойынша серіктес банк ретінде "Нұр Банк" АҚ шықты. Ол "Даму-Аймақтар-2" бағдарламасының аясында 9,5 пайыз түріндегі жеңілдік пайыздық мөлшерлемені беріп, мемлекеттік қолдау көрсетті. "Жиһаз шығарумен айналысатын бұл серіктестік енді несие бойынша жылдығын тек 2,5 пайыз мөлшерінде төлейтін болады, ал жеті пайызбен ол мемлекет ақшасы арқылы қаржыландырылады", - деп түсіндірді Е.Хван.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны