26.04.2012, 11:34 3427

Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында салынған "Ақбақай кластері" жылына 1 млн. тоннаға дейін құрамында алтыны бар кен өңдей алады

2011 жылы "АК Алтыналмас" АҚ құрамында алтыны бар кен өндіретін "Ақбақай кластері" жобасын жүзеге асырды. Жобаның құны- 9 млрд. теңге. Кәсіпорында 450 жұмыс орны ашылған. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн. тонна кен өндіруге жетеді (немесе 2,8 тонна алтын өндіру).

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында салынған "Ақбақай кластері" жылына 1 млн. тоннаға дейін құрамында алтыны бар кен өңдей алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылы "АК Алтыналмас" АҚ құрамында алтыны бар кен өндіретін "Ақбақай кластері" жобасын жүзеге асырды. Жобаның құны- 9 млрд. теңге. Кәсіпорында 450 жұмыс орны ашылған. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн. тонна кен өндіруге жетеді (немесе 2,8 тонна алтын өндіру).

Зауытта алтын қазуға мүмкіндік беретін шетелдік ең озық құралдар қолданылады. Мысалы, зауытта пайдаланылатын озық әдістердің бірі "KEMIX" компаниясының "PumpCell" технологиясы болып табылады. Бұл технология үлкен бір күбідегі кенді ауыстырып құю, көлеміне қарай бөліп, ұсақтау жұмыстарын бір жүйеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қарапайым "PumpCell" кестесі бір деңгейдегі және алма-кезек тәртіпте жұмыс істейтін бірнеше күбіден тұрады. Ал жаңа тәсіл операциялық шығындарды айтарлықтай қысқартады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы құны 136,6 млрд. теңгеден асатын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Бұл жобалар жүзеге асырылса шамамен 4,1 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 6 жоба (жалпы құны 104,3 млрд. теңге, 1,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) республикалық Индустрияландыру картасына және 17 жоба (жалпы құны 32,3 млрд. теңге, 2,35 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) аймақтық Индустрияландыру картасына жатады. 2010-2011 жылдары Жамбыл облысында жалпы құны 78,9 млрд. теңге болатын және 3,0 мың жұмыс орны ашылған Индустрияландыру картасының 17 жобасы іске асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны