09.01.2014, 19:58 2965

Жамбыл облысының 5 аймағына газ құбыры тартылды

"Талапты, Бостандық, Аққұм, Тамабек, Сейілбек ауылдары газбен қамтылды. Табиғи газбен 2,2 мың жеке үй қамтылды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2013 жылы 473,2 млн теңге бөлінген болатын", - делінген хабарламада.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Талас ауданының 5 жергілікті мекеніне газ құбырын орнату салтанатына қатысты, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талапты, Бостандық, Аққұм, Тамабек, Сейілбек ауылдары газбен қамтылды.

"Табиғи газбен 2,2 мың жеке үй қамтылды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2013 жылы 473,2 млн теңге бөлінген болатын", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 2014 жылы аймақта тағы 3 аймаққа газ құбырын тарту жоспарлануда. Ол үшін 464,7 млн теңге бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны