19.02.2015, 13:04 4031

Жаӊа дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға 2015 жылы ҚР Ұлттық қоры қаражатынан 101 млрд теӊге қайта бөлінеді - Е.Досаев

2015 жылы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қор қаражатынан 101 млрд теӊге қайта бөлінеді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қор қаражатынан 101 млрд теӊге қайта бөлінеді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы жаӊа дағдарысқа қарсы шараларға 101 млрд теӊге қайта бөлінетін болады", - деді Е.Досаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылы Ұлттық қордан әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына жоспарланған 30 млрд теӊгеден 17,3 млрд теӊге үш ауысыммен білім беретін және апатты мектептерді жою үшін білім беру нысандарын салуға, 12,7 млрд теӊге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысқа бағытталатын болады.

Бұдан өзге, 2016 жылға Ұлттық қордан халықаралық несие ұйымдары жобаларын, ТКШ жетілдіруді, автожолдар мен арендалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға қарастырылған 71 млрд теӊгеден АӨК қолдауға 20 млрд теӊге, "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясындағы жобаларға инфрақұрылым жүргізуге - 10 млрд теӊге жұмсалады.

Сонымен бірге, 5 млрд теӊге - техникалық реттеуді дамыту арқылы ішкі нарықты қорғауға және зертхана базасын жақсартуға, 6 млрд теӊге - геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға, 30 млрд теӊге - тұрғын үй құрылысын арттыруға жұмсалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны