23.12.2008, 18:07 3141

Жаңа жылда қаланың коммуналдық мемлекеттік шаруашылықтары мемлекеттік сатып алу бойынша жәрмеңке өткізетін болады

Жаңа жылда қаланың коммуналдық мемлекеттік шаруашылықтары мемлекеттік сатып алу бойынша жәрмеңке өткізетін болады

Алматы. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жылда қаланың коммуналдық мемлекеттік шаруашылықтары мемлекеттік сатып алу бойынша жәрмеңке өткізетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әкімдікте өтіп жатқан "Мемлекеттік сатып алу - 2009" акциясы кезінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Икімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22- 25 желтоқсан аралығында Алматы қаласының әкімдігінде "Мемлекеттік сатып алу - 2009" акциясы басталды, мұнда бюджеттік бағдарламалардың қалалық админстраторлары 2009 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарларын ұсынады.

Акция мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуына барынша жете көңіл бөлінсін" деп аталатын тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Бұл туралы Елбасы 2008 жылдың 5 желтоқсанында шетел инвесторларының XX пленарлық кеңесінде айтқан болатын.

Жәрмеңкеге бюджеттік бағдарламалармен 30 администратор, әкімдіктің 23 басқармасы мен 7 аудандық әкімдіктер, 16 бизнес - ассоциациялар, Алматы қаласының кәсіпкерлері қатысты.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Мемлекеттік сатып алу - 2009" акциясына қатысты. Ол мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлес 50 % дейін артуы тиіс деп атап өтті. Тапсырыс берушілер мен жеңімпаздарды анықтау барысында әкімдік ішкі инвесторға іш бұрып, қаржының қала экономикасына түсуіне көңіл бөледі деді. Осылайша, отандық өндірушілердің қарқынын арттыруға ықпал етілетін болады.

"Бүгінгі жәрмеңкені өткізе отырып, біз отандық тауар өндірушілерге түрлі шаралардың барынша жарияы болатындығын көрсеттік. Демек, мемлекеттік сатып алу біздің кәсіпкерлерді, алматылықтарды кеңінен қамтитын болады", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Жаңа жылда қаланың коммуналдық мемлекеттік шаруашылықтары осыған ұқсас жәрмеңке өткізетін болады. Бұдан өзге Алматы қаласының әкімдігі "Самрұқ-Қазына" да мемлекеттік сатып алу бойынша жәрмеңке өткізуі тиіс деген ұсыныс жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны