25.08.2006, 17:41 3259

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27,3 процентке артты

АСТАНА. 25-тамыз. Kazakhstan Today. 23-24-тамызда Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бірлескен кезектен тыс оныншы отырысы өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық өкілдерді индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Өзбекстан жағының өкілдерін үкімет басшысының орынбасары, қаржы министрі Рустам Изімов басқарды.

Отырыста Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша екі ел президенттері берген тапсырмалар мен үкіметаралық комиссияның бұған дейінгі отырысының шешімдерін жүзеге асыру барысы талқыланды. Сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық, әскери-техника, инвестиция, көлік және коммуникация салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі пәрмендендіру мәселелері талқыланды.

Тараптар екі жақты экономикалық ынтымақтастықтағы оңды нышандарды атап өтті. Екі елдің шаруашылық субьектілері мен іскерлік өкілдері арасындағы екі жақты байланыстар жанданып, өзара тауар айналымының ауқымы анағұрлым артты. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында екі жақты сауда-саттық көлемі 293,4 млн. долларды құрады, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда өсімнің 27,3 процентке жеткенін көрсетеді.

Екі маңызды құжат - екі ел арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасы мен шаралар жоспарының, сондай-ақ, басқа да бірқатар маңызды екі жақты келісімдердің жобасы сарапшылар деңгейінде талқыланып келісілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны