26.02.2013, 10:57 3118

Жастар саясатын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2013 жылы 1,5 млрд теңге бөлінеді

"2013 жылы республикалық бюджеттен жастар саясатын қаржыландыруға 1,5 млрд теңге, оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 590 млн теңге қарастырылған", - деді Б.Жұмағұлов.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Жастар саясатын қаржыландыруға 2013 жылы мемлекеттік бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Үкімет отырысында мәлім етті.

"2013 жылы республикалық бюджеттен жастар саясатын қаржыландыруға 1,5 млрд теңге, оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 590 млн теңге қарастырылған", - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттен 2 млрд-тан астам теңге, оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 940 млн-нан астам теңге қарастырылған.

"Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерінен 2 есе артық, және ол көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді", -деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен ҚР Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі ҚР Мемлекеттік жастар саясатының "Қазақстан-2020": Болашаққа айқын жол" тұжырымдамасы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны