22.05.2013, 15:11 4135

ЖЭК секторындағы белгіленген тарифтер инвесторларға қаражатты қайтаруға кепіл береді

Қазақстанда енгізуге арнап ұсынылатын жаңартылатын көздер энергиясына белгіленген тарифтер инвесторлардың қаражатын қайтаруға кепіл береді, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Астана экономикалық форумы барысында жаңартылатын энергетикаға арналған интерактивті пікірталастар кезінде.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - ЖЭК секторындағы белгіленген тарифтер инвесторларға қаражатты қайтаруға кепіл береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда енгізуге арнап ұсынылатын жаңартылатын көздер энергиясына белгіленген тарифтер инвесторлардың қаражатын қайтаруға кепіл береді, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Астана экономикалық форумы барысында жаңартылатын энергетикаға арналған интерактивті пікірталастар кезінде.

"Кез-келген өндіруші немесе ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) инвесторы кепілденген сатуларға ие болуы тиіс, әйтпесе олар инвестиция жасамайды. Белгіленген тарифтер сәтті үлгімен қаралады, өйткені инвесторлардың қаражатын қайтаруға кепіл береді, сондықтан инвесторларға кепілденген тариф беріледі", - деді Н.Қаппаров.

Сонымен қатар, ол табыстылықтың ішкі нормасын анықтау керектігін атап өтті. Айта кету керек, жаңартылатын көздер өндіретін энергия үшін белгіленген тарифтер сызбасына инветициялық және эксплуатациялық шығындар, сонымен бірге желіге қосылу шығындары енеді.

Осылайша, ЖЭК-дің әр түріне республика бойынша бірегей белгіленген тариф бекітіледі. Тарифтердің жарамдылық мерзімі белгіленіп, сол кезеңге жаңартылатын көздер энергиясын толығымен сатып алу кепілденеді. Белгіленген тарифтер келесі кезеңдер үшін қайта қарауға жатады.

Бүгінгі таңда республикада ЖЭК-нің 25 жобасы жүбзеге асырылған, оның ішінде Рождественский кордонында Болотовты орнату, Гумилев атындағы ЕҰУ шатырындағы күн құрылғылары, Алматы облысының тау өзендерінде пайдалануға жалпы бекітілген қуаттылығы шамамен 20 МВт болатын 5 кіші ГЭС енгізілген.

Сонымен қатар, 2013 жылы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға кірісу жоспарланған, оның ішінде қуаттылығы 45 МВт болатын Ерейментау жел паркі құрылысының бірінші кезеңі. Жел паркінің жалпы қуатттылығы 300 МВт-ты құрайды. Аталған жоба ЭКСПО-2017 нысандарын қамтамасыз ететін энергия көзі ретінде жұмыс жасауы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны