21.09.2007, 18:08 3018

"Жер қойнауын пайдалану туралы" заңға енгізілген түзетулер Қазақстанның инвестициялық беделіне әсер етпейді - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

"Жер қойнауын пайдалану туралы" заңға енгізілген түзетулер Қазақстанның инвестициялық беделіне әсер етпейді.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Жер қойнауын пайдалану туралы" заңға жер қойнауын пайдалану іс-қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда өкілетті мемлекеттік органдарына жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тарту құқығын беретін өзгертулер енгізу, Қазақстанның инвестициялық беделіне әсер етпейді, деп мәлім етті "Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі : жаңаша қатерлер және болашақ" атты форумда Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Заңнаманың өзі тартымдылыққа теріс әсер етпеуге тиіс, себебі әркім мемлекеттің кез-келген жағдайда да экономикалық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қарастыратын құқықтық негізі болуға тиіс екендігін түсінуге тиіс",- деді Б. Сұлтанов.

"Біз қазір дамудың өзімізге жеткілікті мөлшерде инвестиция тартатын сатысында тұрмыз және бұл жұмыстар жалғасуда",- деді ол.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, мемлекеттің инвестициялық беделіне "еліміздегі заңнамалық негіз де әсер етеді". "Бірақ біздің іс-әрекетемізде, біздің өзара ықпалдастығымызда, біздің келісімдерімізде шетелдік инвесторларға бұрынғы жарияланған тұрақтылықтың сақталатындығын, сондай-ақ біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығын кеңейтуге қатысты жүргізіліп жатқан қосымша шаралар осы біріккен жұмысты жалғастыру үшін қосымша мүмкіндіктер беретіндігін таныту да маңызды",- деген сенімде министр.

Бұрын хабарлағанымыздай, мәжіліс Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын жұмысқа 12-қыркүйекте қабылдаған болатын. Аталмыш құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Заң жобасымен стратегиялық маңызы бар жер қойнауларын (кеніштерді) игеру, немесе, барлау және игеруге ертеректе жасалған келісім-шарттарына кері бағытта күш беру қарастырылған.

Түсініктемеге сәйкес, "қолданыстағы заңға толықтыру енгізе отырып, уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын орындаудан бір жақты бас тарту құқығы берілмек".

Заң жобасында сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметіне жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімнің шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап ету құқығын беру қарастырылған.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын бұзу негіздерінің тізімін кеңейту қарастырылған. Заң жобасына берілген түсініктемеде келісім-шартын бұзудың мынадай негіздері келтірілген: "Егер жер қойнауын пайдаланушы хабарландыруды алған күннен бастап 2 ай ішінде келісім-шартын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісім беретіндігін немесе ондай келіссөздер жүргізуден бас тартатындығын жазбаша түрде келтірмесе; егер жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісім бергенен кейінгі 4 айдың аясында тараптар мәмілеге келе алмаса; егер Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген мерзімнен кейінгі 6 айға дейінгі мерзімде тараптар келісімнің шарттарына енгізілген өзгертулен мен толықтыруларға қол қоймаса".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны