10.02.2014, 19:28 3297

Жезқазғанда агроөндірістік кешеннің 5 инвестжобасы жүзеге асады

"Агробизнес- 2020" бағдарламасы аясында "Сыбаға" бағыты бойынша қатысушылар санының артуы көзделген. 2014 жылы даму институттарынан 50 млн теңге несие беру көзделген. Бұл өз кезегінде мал басының артуына мүмкіндік беріп, аналық мал санын арттырмақ.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. Қарағанды облысның Жезқазған қаласында 2014-2020 жылдар аралығында агроөндірістік кешеннің 5 инвестжобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, бүгінде 5 жобадан портфель құрылған: "Жалпы сақтау жылу шаруашылығын құру" "Ұлытау Флора" кооперативі, "BULL" ЖШС, "Көкөніс және картоп өндіруді суармалы дайындау". Оны жүзеге асыру 2014-2020 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында агроөндірістік кешеннің инновациялық шойынға көшу туралы айтып өткен болатын.

Өндірісте жаһандық қажеттілік жағдайы өсе береді. Оларға жаңа технологияларды енгізу жоспарланған. Президент Н. Назарбаев фермерлер алдына жаңа тапсырмалар қойды: "Қоғамда жаңа технологияларды енгізген адамдар жұмыс істеуі керек. Өнімділікті арттырып шетелдік стандарттарды қолданып жұмыс істеуі керек".

Жезқазған ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін қолдауымен қаржы даму институттары ("АгроФинанс" АҚ, "АгроКредиттікКорпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ және т.б.) айналысатын болады.

Жоспар бойынша, аталмыш жобаларды іске асыру 4,3 млрд теңге инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылады. Тартылған осынау инвестиция 2015 жылға қарай ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемін 2 пайызға асырып, 700 -ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

"Агробизнес- 2020" бағдарламасы аясында "Сыбаға" бағыты бойынша қатысушылар санының артуы көзделген. 2014 жылы даму институттарынан 50 млн теңге несие беру көзделген. Бұл өз кезегінде мал басының артуына мүмкіндік беріп, аналық мал санын арттырмақ.

Айта кету керек, Президент ауыл шаруашылығы шикізаты мен сапалы тұтыну өнімдерін шығаруға аса маңыз береді. Жезқазған өңірінің табиғи-климаттық жағдай егіншілікке дымқыл ұстап тұратын жаңа технологияларды енгізуді талап етеді, делінген әкімдіктің хабарламасында. Басты назарда ауыл шаруашылық бағыттағы жел телімдері. Ауыл шаруашылық бағыттағы жер көлемі өңірде 392 мың гектарды құрайды. Оның 384 мың гектарын 215 шаруа қожалықтары иемденіп отыр. 2013 жылы ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерге инвентиризация жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, тиімді ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге байқаулық тәртіппен жер телімдері берілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны