15.09.2016, 14:39 4644

Жыл басынан берi ОҚО-ныӊ 366 тұрғыны 29,1 млрд. теӊге көлемiнде ақшаларын жария еттi

Мүлікті жария ету көрсеткіші бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы республикада үшінші орында келеді.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жыл басынан берi ОҚО-ныӊ 366 тұрғыны 29,1 млрд. теӊге көлемiнде ақшаларын жария еттi. Мүлікті жария ету көрсеткіші бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы республикада үшінші орында келеді. Бұл туралы ОҚО бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiӊ басшысы Алтынсары Үмбетәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алтынсары Үмбетәлиевтіӊ айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жолдауында айтылған мүлікті жария ету жөніндегі тапсырмалар өз деӊгейінде орындалуда.

"Жыл басынан берi облыстыӊ 366 тұрғыны 29,1 млрд. теӊге көлемiнде ақшаларын жария еттi. Ал, ел аумағындағы жылжымайтын мүлiктерге қатысты құны 571,2 млн. теӊгеге теӊ 2 өтiнiш бойынша рақымшылық жасалды", - дейді ол.

Ресми деректерге сүйенсек, өӊірде жыл басынан бері жергiлiктi атқарушы органдардан құрылған комиссиялар жалпы сомасы 75,3 млрд. теӊгенi құрайтын 8190 өтiнiш қабылдаған. Оныӊ 1185-i коммерциялық нысан (21 млрд. теӊге) болса, 119-ы тұрғын үйге жатпайтын нысан (1 млрд. теӊге). Сондай-ақ тұрғын үй бойынша құны 53 млрд. теӊгелік 6 886 өтiнiш түскен.

Бүгiнде 6 571 нысанға (57 млрд. теӊге) рақымшылық жасалса, 1071 өтiнiш (13,2 млрд. теӊге) керi қайтарылған. Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлiктер бойынша 342,2 млн. теӊгенi құрайтын 26 өтiнiш иесiнiӊ мүлкiне рақымшылық жасалынған. Атап айтсақ, Өзбекстан, БАИ, Ресей мемлекеттеріндегі мүліктер жария етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны