03.01.2018, 14:39 5756

Жыл жемісі: ОҚО-да биыл 87 елді мекенніӊ электр жүйлері жаӊғыртылды

Облыс бойынша жалпы 844 елді мекенніӊ 828-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Онда 2 млн 780 мыӊ халық тұрады. 16 елді мекен яғни, шалғайдағы малшы ауылдар дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊартылатын - күн, жел, су энергиясын пайдаланатын жобалар кезеӊ-кезеӊімен іске асырыла бастады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ бастамасымен 2017 жылы Сайрам және Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы мен Шымкент қаласында Орталық Азияда теӊдесі жоқ биогаз қондырғылар кешені іске қосылды. Сондай-ақ, Сарыағаш және Мақтарал аудандарында екі ірі күн электр станциясыныӊ құрылыс жұмыстары бастау алды.

Бұдан бөлек, Төлеби ауданында қуаты 2,5 мегаватт шағын су электр станциясын 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 мегаватт шағын су электр станциясы мен Отырар ауданында 35 мегаватт күн электр станциясыныӊ құрылысын жүргізу жоспарда бар.

Облыс бойынша жалпы 844 елді мекенніӊ 828-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Онда 2 млн 780 мыӊ халық тұрады. 16 елді мекен яғни, шалғайдағы малшы ауылдар дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.

Биыл облыс халқын, экономикасы мен орта және шағын бизнестіӊ тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған 14 ірі қосалқы станциялардыӊ құрылысы қолға алынған болатын. Олардыӊ төртеуі 220 киловольттық болса, 10-ы 110 киловольттық қосалқы станция саналады.

2017 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 13,9 млрд. теӊге бөлініп, 59 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соныӊ ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасымен Сарыағаш ауданындағы 15 жобаға Ұлттық қордан 2 320,3 млн. теӊге бөлінген. Биылдыӊ өзінде облыс бойынша 87 елді мекендегі 47 нысанныӊ құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде 87 мыӊ 100 тұрғын мен әлеуметтік, шағын бизнес нысандары тұрақты, сапалы электр энергияға қол жеткізді.

Облыс экономикасы мен орта, шағын бизнестіӊ тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында келесі ірі қосалқы станциялардыӊ құрылысы жүргізілуде. Мәселен, жалпы құны 22 млрд. теӊгені құрайтын Шымкент қаласындағы 220 киловольттық "Бозарық", 110 киловольттық "Астана 1" және "Астана 2" және Сарыағаш ауданында 220 киловольттық "Қызыләскер" қосалқы станцияларыныӊ құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар толық іске асқаннан кейін 1 млн. 200 мыӊ халық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр энергиямен қамтылады.

2018 жылы жалпы құны 14 млрд. теӊгені құрайтын 110 киловольттық "Алатау ", "Ақжар " және "1М1 " қосалқы станциялардыӊ құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны