20.09.2012, 18:30 3147

Жылжымайтын мүлік қоры мен тауар биржалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ екі ірі тауар биржасымен - "Астана" Бірегей тауар биржасы"АҚ және "Еуразия сауда жүйесі" Тауар биржасы" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" екі тауар биржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ екі ірі тауар биржасымен - "Астана" Бірегей тауар биржасы"АҚ және "Еуразия сауда жүйесі" Тауар биржасы" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Мәліметте көрсетілгендей, аталмыш шара жылжымайтын мүлік қорымен бірігіп "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыратын құрылыс компаниялары сатып алуларының ашықтығын қамтамасыз етуге жасалған тағы бір қадам болды.

Тауар биржаларында артықшылықтар көп, олардың бірі - салынып жатқан тұрғын үй шаршы метрінің ең төменгі өзіндік құны. Ол құрылыс мердігерлерімен тікелей саудаласу арқылы жүзеге асады. Биржалық саудалар арқылы тапсырыс беруші материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарынан, сондай-ақ байқау комиссиясын құру мен қосымша байқау шараларынан босайды. Бұл өз кезегінде құрылыс мерзімін қысқартады.

Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс материалдарын сатып алуды және құрылыс сапасын тұрақты түрде бақылайды. Қор тауарлық биржаларға белгілеген талаптары арқылы сауданы жүзеге асырады. Қазақстандағы 17 биржаның тек кейбіреуінде ғана электрондық сауда негізінде ашық және әділ саудаласуды қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық және кадрлық ресурстар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны