29.05.2009, 18:09 2973

Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге бөлінген қаржының 63,9 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктерге орналастырылды - "Самұрық - Қазына"

Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге бөлінген қаржының 63,9 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктерге орналастырылды - "Самұрық - Қазына"

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге бөлінген қаржының 63,9 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктерге орналастырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкіметтің тұрақтандыру шараларының аса маңызды бағыттарының бірі - жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу. Бұл шараларды жүзеге асырумен "Самұрық - Қазына" 2008 жылдан бері айналысып келеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 95 млрд теңге бөлінді, соның ішінде 48,8 млрд теңгесі Астанадағы нысандарға, 46,2 млрд теңгесі - Алматыға бөлінді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен қордан бөлінген қаржыдан екінші деңгейлі банктерге 63,9 млрд теңгесі, соның ішінде Астанаға - 40,7 млрд теңге және Алматыға - 23,2 млрд теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны