16.05.2008, 13:44 2635

ЖІӨ нақты өсімі 2008 жылы 5,3 % дейгейінде болады деп болжануда-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі(толықтырылған нұсқа)

ЖІӨ нақты өсімі 2008 жылы 5,3 % дейгейінде болады деп болжануда-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі(толықтырылған нұсқа)

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ЖІӨ нақты өсу қарқыны 2008 жылы 5,3 % дейгейінде болады деп болжануда. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің министрі Бақыт Сұлтанов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Нақтыланған есеп- қисаптарға сәйкес, 2008 жылы ЖІӨ нақты өсім қарқыны 5, 3% деңгейінде болады деп күтілуде, бұл биылғы жылдың басында қаржы агенттігі, Ұлттық банк және үкіметтің бірлескен мәлімдемесінде орта мерзімді кезеңге белгіленген 5-7 % өсім параметрлері жөнінде айтылған болжамдарына сәйкес",-деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы атап өткеніндей, "Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарлары мен мұнай бағасының айтарлықтай көтерілуі экономикалық жағдайға оңтайлы әсер беріп отыр".

Оның сөздері бойынша, мұнай секторындағы жалпы қосымша құн өсімінің шарықтауы ЖІӨ номиналды көлемінің 15640 млрд теңгеге ұлғаюына әкеледі, бұл биылғы жылға дайындалған республикалық бюджетінде негізге алынған болжамдық өлшемнен 391,2 млрд теңгеге артық.

Мұнай бағасының көтерілуі есебінен жасалатын экспорт бұдан бұрын болжамданған көлемдерден $7,1 млрд өсіп, жалпы $57,3 млрд (2007 жылы - $48,3 млрд) құрайды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы атап өткеніндей, несиеге тәуелді болып отырған секторлар мен оған қатысты экономика салаларындағы өсім қарқынының баяулауы салдарынан тауар импортының болжамы $4,2 млрд төмендеп, $39,3 млрд ( 2007 жылы- $33,2 млрд) құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны