11.06.2009, 13:56 3236

Жоғары эпизоотиялық қаупіне байланысты Қазақстанның 10 облысынан Ресейге мал, ет және ет өнімдерін енгізуге тыйым салынды - Ресейдің ауылшаруашылығындағы қадағалау қызметі

Жоғары эпизоотиялық қаупіне байланысты Қазақстанның 10 облысынан Ресейге мал, ет және ет өнімдерін енгізуге тыйым салынды - Ресейдің ауылшаруашылығындағы қадағалау қызметі

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жоғары эпизоотиялық қаупіне байланысты Қазақстанның 10 облысынан Ресейге мал, ет және ет өнімдерін енгізуге тыйым салынды. Атап айтсақ, олар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі РФ Ауылшаруашылығы министрлігінің Федералдық мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау қызметінің (Россельхознадзор) хабарламасына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, Федералдық мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау қызметі мамандарының Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық ахуалды зерттеу, малдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын бақылау және мониторинг жүргізу жүйесімен танысу нәтижесінде Қазақстаннан Ресейге мал мен мал текті өнімдерді енгізу тәуекеліне баға берді.

Соған сәйкес, аусыл бойынша қолайлы болып келетін Қазақстан Республикасының 4 облысынан, атап айтсақ, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан Ресей Федерациясының 11 шекаралас субъектісіне (Астрахан, Волгоград, Саратов, Оренбург, Челябинск, Курган, Тюмень, Омск, Новосибирск облыстары, Алтай аймағы мен Алтай Республикасына) кез-келген мақсатта ірі қара және ұсақ малды, сиыр, доңыз, жылқы және қой етін, және олардан алынған жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді енгізуге рұқсат берілген.

Жоғары эпизоотиялық қаупіне байланысты Қазақстанның 10 облысынан (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары) Ресейге мал, ет және ет өнімдерін енгізуге тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны