15.07.2014, 23:22 3288

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыруға 98 млрд теңге бөлінеді

"Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын қолға алғалы бері 375 мың адам жаңа жұмыс тапты. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 59 мың адам тартылып, соның 61 пайызы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыруға шамамен 98 млрд теңге бөлінеді", - дейді министр.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыруға шамамен 98 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын қолға алғалы бері 375 мың адам жаңа жұмыс тапты. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 59 мың адам тартылып, соның 61 пайызы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыруға шамамен 98 млрд теңге бөлінеді", - дейді министр.

Сонымен қатар Т.Дүйсенова "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының жаңаша классификациясы туралы айтты.

"Біздің министрлік тарапынан мамандарды дайындау және қайта даярлау жүйесін жаңғырту аясында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" іске асырылып, класификациялаудың жаңа жүйесі құрылуда және енгізілуде. Біз кейін жұмысқа орналастыру жолымен оқытуды қарастырудамыз. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шағын несие алуға көмек береміз. Ал егер келген адамдарда белгілі бір деңгейде мамандығы бар болса, онда өңірлерде қолға алынып жатқан инфрақұрылымдық жұмыстарға жібереміз", - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы қолға алына бастады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны