30.03.2026, 11:10 701

Қызғалдақ, жылу және жасыл желек: көктем Қазақстанның оңтүстігіне келді

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі көктемнің көрінісін бейнелейтін фотосуреттер топтамасымен бөлісті.

Оның айтуынша, елдегі табиғи контрасттар дәл осы мезгілде айқын байқалады: "Қазақстан өте үлкен, сондықтан мұнда маусымдар өз заңдылығымен өмір сүреді - солтүстікте әлі де қар кездессе, орталық өңірлерде ол еріп кеткен, ал оңтүстікте көктем толық күшіне еніп, кей жерлерде жазға ұласып барады".

Фотограф Шымкентте ауа температурасы +30°C-қа дейін жеткенін, қаладағы гүлзарлар қызғалдаққа толып, ағаштар жасыл желекке оранғанын атап өтті.

Аралар таңнан кешке дейін өздерінің маңызды ісімен айналысып жүр - айналадағының бәрі жанданып келеді", - деді ол.


Сондай-ақ автор өсіп келе жатқан айды да түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, бұл көрініс көктемнің келуімен астасып жатыр.

Қазір ай толығуға жақындап, сәуірдегі толық айға дайындалып жатыр… мұнда бір ерекше сезім бар - көктем де аймен бірге өсіп келе жатқандай", - деп қосты Доценко.


Фотограф барша қазақстандықтарға жылу мен шынайы көктемгі көңіл-күй тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны