03.03.2008, 14:55 4875

15 жыл бойы іздеуде жүрген "төрт ағайынды"атты қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

15 жыл бойы іздеуде жүрген "төрт ағайынды" атты қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Астана. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ішкі істер департаментінің қызметкерлері 15 жыл бойы іздеуде жүрген "төрт ағайынды" атты қылмыстық топтың жетекшісін қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ криминалды полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматының ҰҚКД мен Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жарты жылдық шұғыл жұмыстарының қорытындысы бойынша " 4 ағайынды" атты қылмыстық топтың жетекшісі 15 жыл бойы қолға түспей, көбінесе шетелде жүрген Айшуақ Құрманғали құрықталды ", - деді С. Күсетов. "Сонымен бірге ол ірі коммерциялық құрылыс басшыларына ықпал жүргізіп, олар оған тегін материалдық көмек көрсетіп отырған ", - деп толықтырды ол.

Комитет төрағасы айтқанындай, қолға түскен адамнан қару мен ірі көлемде есірткі табылды. Қазіргі кезде ол қамауға алынды.

С. Күсетов айтқанындай, бұл операция қылмыстық топтардың өкілдері мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ криминалды полиция комитетінің ақпанға жоспарланған бірлескен шаралары аясында өткізілді.

Сонымен бірге С. Күсетов хабарлағанындай, Бішкекте Қырғызстанның ІІМ бірлесіп өткізген шараларының нәтижесінде "Кировский" ҰҚТ жетекшісі, бопсалау үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылған аса қауіпті қылмыскер Б. Қайыпов ұсталды.

Сондай-ақ, 25 ақпанда Батыс Қазақстан облысының ІІД "Қазпошта" бөлімшесінің кассасынан 5 млн теңгені ұрлап, 3 қарақшылық шабуылды жасаған 9 адамнан құрылған қылмыстық топты құрықтады. "Оларды қолға түсіру кезінде бірқатар қарулар тәркіленді ", - деп атап өтті С. Күсетов.

Оның сөздері бойынша, бірлескен шаралар аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 жетекшісі мен 45 белсенді мүшесі ұсталды. Сондай-ақ, аса ауыр қылмыстар жасаған 15 қылмыскер мен бес жыл бойы іздеуде жүрген 4 қылмыскер және 5 кәнігі қылмыскер құрықталып, 217 қылмыстық іс қозғалды. Адам саудасы жасалған бес дерек анықталып, астыртын жұмыс жасаған 10 ойынхананың қызметі әшкереленді.

"ҰҚК мен ІІМ осындай бірлескен шаралары үнемі жүргізіліп отыратын болады ", - деп қорытындылады С. Күсетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны