04.07.2006, 16:47 2772

700 кг марихуанамен ұсталған Қарағанды тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айрылды

АСТАНА . 4-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының үкіміне сәйкес 700 кг марихуанамен ұсталған Қарағанды тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК баспасөз-қызметінен хабарлады.

Қарағанды тұрғыны ҚР қылмыстық кодексінің 4-бабы, 259-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды.

Осыған дейін хабарланғанындай, Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды тұрғынына тиесілі автокөлікті ұстаған. Тексеру кезінде көліктен 314 кг , жалға алған гараждың ішінен тағы 380 кг марихуана табылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны