14.08.2013, 08:24 7088

800 млн. теңгенің астығын өз элеваторынан ұрлаған адам ұсталды

Мемлекетке тиесілі бидай "Ақсай элеваторында" 36 қоймада сақталған. Бірақ, қаржы полициясы тексере келе 17-сінің іші бос екенін анықтады. Изірге ұрланған бидайдың құны 854 млн. теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскерлер қоймадан 19 тоннаны шығару үшін тыңғылықты дайындалған көрінеді.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет қорына тиесілі 19 тонна бидай ұрланды! Көпшілікті айға қаратып кеткен қылмыс Батыс Қазақстан облысында орын алған. Тексере келе астықты жауапты қойма басшысының өзі жымғырған болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекетке тиесілі бидай "Ақсай элеваторында" 36 қоймада сақталған. Бірақ, қаржы полициясы тексере келе 17-сінің іші бос екенін анықтады. Изірге ұрланған бидайдың құны 854 млн. теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскерлер қоймадан 19 тоннаны шығару үшін тыңғылықты дайындалған көрінеді. Алдын-ала қамбалардың бетіне арнайы тақтайшалар қойып, бетіне бидай сепкен. Яки, орны толып тұрған тәрізді. Десе де, қазір ұрлығы әшкере болған элеватор басшысы бар қылмысын мойнына алды. Енді дүние мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны