16.05.2013, 12:18 5279

80 жастағы кейуананы зорлап, ақшасын тартып әкеткен ауыл тұрғыны құрықталды

Облыстық полиция мәліметтеріне қарағанда, ол сейсенбі күні түнде 80 жастағы кемпірдің үйіне ұрланып кірген. Кейуананы ұрып-соғып, арам ойын жүзеге асырған қарақшы оның 20 мың теңгесін тартып әкетіпті.

Ақтөбе. 16-мамыр. Kazakhstan Today - 80 жастағы кейуананы зорлап, ақшасын тартып әкеткен ауыл тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облысында 37 жастағы ауыл тұрғыны құрықталды.

Облыстық полиция мәліметтеріне қарағанда, ол сейсенбі күні түнде 80 жастағы кемпірдің үйіне ұрланып кірген. Кейуананы ұрып-соғып, арам ойын жүзеге асырған қарақшы оның 20 мың теңгесін тартып әкетіпті.

Бас сүйегі мен миы зақымданған зейнеткер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулағышқа тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны