21.12.2021, 19:56 24061

Өскеменде қызғылт түтін: хлордың шекті концентрациясының асып кетуі тіркелді

Өскеменде қызғылт түтін: хлордың шекті концентрациясының асып кетуі тіркелді
Сурет: скриншот
ӨСКЕМЕН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді.
 
Брифинг барысында БАҚ өкілдері Өскемен қаласынан тараған видео туралы сауал қойды.
 
Видеодан қаладағы титан-магний кәсіпорнының аумағында қызғылт түтін пайда болғанын көруге болады.
 
Министр сауалдарға Өскеменнен шұғыл келіп түскен мәлімет бойынша жауап берді.
 

Бүгін сағат 12.00-де экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы "ТМК" АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады", - деді Серікқали Брекешев.

 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны